Кейбір өңірде 6 градусқа дейін күн суытады

3 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде кей жерлерде топырақ бетінде 2 градустық үсік күтіледі. 4-5 мамырда ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.

Алматыда, NEGE. 3 мамырда Ақмола облысында күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 3 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Көкшетау қаласында 3 мамырда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. 4 мамырда Ақтөбе облысының ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді. 4-5 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.

4 мамырда Павлодар облысының түнде кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 7-12 градус жылыға дейін төмендейді. 5 мамырда ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді. 5 мамырда Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді. Нұр-Сұлтан қаласында түнде 4 мамырда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с. 4-5 мамырда түнде ауа температурасы 1-3 градус аязға дейін төмендейді.

Қазір оқып жатыр

«Тоқтайтын түрі жоқ»: Депутат Алматыдағы апаттан кейін жазаны күшейтуді талап етті

Ұлттық қордан бөлінген қаражыны тексергеннен кейін бірнеше қылмыстық іс тіркелді

Air Astana-ны 21 жыл басқарған Питер Фостер ресми түрде қызметінен кетті

Депутат ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру жолдарын ұсынды