Кейбір кәсіпкерлер мораторийді пайдаланып, салық төлеуден жалтарған

Кейбір

кәсіпкерлер тексерулерге 3 жылдық мораторийді салықтан жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «2020 жылдан бастап енгізілген тексерулерге 3 жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетті. Жосықсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдады», - деді министр. Оның дерегінше, тек өткен жылдың өзінде «Азаматтық бақылау - чекті талап ет» жобасы аясында Мемлекеттік кірістер комитетіне заң бұзушылықтар туралы бейне-тіркеумен 16,5 мың хабарлама келіп түскен. «Осыған байланысты біз мораторий туралы Жарлыққа азаматтардың шағымдары мен жосықсыз субъектілер бойынша тексерулерге оны қолданбау бөлігінде түзетулер енгізуге бастамашылық жасадық»,- деді Ерұлан Жамаубаев.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр