Кей өңірлерде эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

Шымкентте өткен тәулікте (26 тамыздағы мәлімет бойынша) коронавирус жұқтырған бір де бір науқас тіркелмеді, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Алматы, NEGE. Жалпы республика бойынша 168 жаңа жағдай анықталған. Оның ішінде, ең көбі ШҚО-да тіркелген (24). Ал Шымкентте бірде бір жағдай анықталмаған. 

Сондай-ақ жағдай Жамбыл облысында да жақсы, бір тәулікте коронавирус жұқтырған екі адам ғана анықталған.  

Жалпы республика бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 105 243-ке жеткен. Оның ішінде, аурудан айыққандар - 94 713 адам. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі елдегі коронавирустың жаңа толқыны қазанда болуы мүмкін екенін айтты.