Кей өңірде қар аралас жаңбыр жауады
Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде, батысы мен солтүстігінде жаңбыр және қар күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Алматы, NEGE. «Республиканың оңтүстігінде, батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді», – делінген хабарда
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, түнде және ертеңгісін аздаған қар жауады. Тұман. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз -3-5, түнде -6-8.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 6 8, түнде 0-2.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, ертеңгісін және күндіз жауын-шашынды (жаңбыр). Оңтүстік-шығыстан, шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз 11 13, түнде 2 4.
Ақмола облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман күтіледі, көктайғақ, бұрқасын соғады. Күндіз 0-5, түнде -3-8.
Алматы облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күіледі, Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 5 10, түнде -3 2.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, көктайғақ. Күндіз 7 12, түнде -3 2.
Түркістан облысында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 10 15, түнде 0 5.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде – көктайғақ. Күндіз 2 7, түнде 0-5.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашын түседі, кей жерлерде – көктайғақ, тұман. Күндіз 3 8, түнде -2 3.
Атырау облысында түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде көктайғақ, тұман. Күндіз -2 3, түнде -2-7.
Ақтөбе облысында кей жерлерде – көктайғақ, тұман. Күндіз 0-5, түнде -3-8.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз -1-6, түнде -3-8.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0 5, түнде -3-8.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -3-8, түнде -5-10.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман түседі. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
Павлодар облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман түседі. Күндіз 0-5, түнде -2-7.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -2-7, түнде -12-17.
«Алдағы күндері республиканың таулы өзендерінде су көлемінің құбылуы байқалады. Солтүстік, орталық облыстарындағы су нысандарында мұз қату процесі ары қарай күшейеді», – дейді синоптиктер.