27 июля 2023 г. 18:22

Кеген ауданының әкімі тағайындалды

Фото:

Алматы облысы Кеген ауданының әкімі тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова хабарлады.

Қонаев, NEGE. Алматы облысы Кеген ауданының әкімі болып Нұрбақыт Теңізбаев тағайындалды. 

Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев – қазақстандық грек-рим күресі палуаны, 2008 жылғы Бейжің Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2003 жылғы Стамбулда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы.

 Н.Теңізбаев бұған дейін Алматы облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы лауазымын атқарған.

Тегтер: