Кедендегі заңсыздықтардан мемлекетке 165 млрд теңге шығын келген

Бас прокуратура Президенттің тапсырмасы бойынша кеден саласына тексеріс жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Астана, NEGE. Тексеріс барысында кедендік төлемдерді төлеуден жалтару және тауарларды дұрыс декларацияламау фактілері анықталды. Салдарынан мемлекетке 165 млрд теңге шығын келген. "Тек Қытаймен шекаралас кеден бекеттерінде тауарларды дұрыс декларацияламаудың 367 дерегі тіркелді. Уәкілетті экономикалық операторлар бизнесмендерге салық төлемеуге көмектесіп, соңғы 2 жылда 221 млрд теңгеге шот-фактураларды қолдан жасаған", – деп жазылған хабарламада. 800 млн теңге болатын контрабанданың 16 фактісі анықталды. Сондай-ақ лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттер жасағаны белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады