Кедендегі былық-шылық: Айырмашылық – 6 млрд доллар!

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы кеден деректерінің айырмашылығы 6 млрд долларға жеткен. Министр мұны бүгін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Қазақстан мен Қытай арасындағы кеден статистикасы деректерінің айырмашылығы 5,7 млрд доллар болды», – деді Е.Жамаубаев бүгін үкімет отырысында.

Министрдің сөзіне қарағанда, 0,3 млрд доллар методологиялық есеппен байланысты, 2,6 млрд доллар – Қытаймен арадағы тауар транзиті. Тағы 2,8 млрд доллар – нақты емес декларациялаудан, яғни киім, аяқ киім ойыншық сияқты тауарлардың жасырын айналымы.

«Жалпы алғанда, жоғарыда сөз болған 2,8 млрд доллар нақты емес декларациядан, республикалық бюджеттің жоғалтқаны шамамен 150 млрд теңге», – деді Жамаубаев.

Қытаймен арадағы көлеңкелі сауда-саттыққа байланысты мәселе талайдан бері сөз болып жүрген. Алайда бұған ешкімнің тісі батпай келген еді. Өйткені Қытаймен арадағы кеденді экс-президент Н.Назарбаевтың туыстары «майшелпекке» айналдырып алғаны сөз болған. Қаңтардағы оқиғалардан кейін жағдай өзгергендей болды.

Алматы облысының бұрынғы әкімі А.Баталов пен Б.Назарбаев.  

Естеріңізге салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен арадағы кедендегі жемқорлық туралы арнайы айтып, тәртіпке келтіруді тапсырған. Іле-шала бірқатар кеден бекеттерінің басшылары қызметінен кетті.

Қазір оқып жатыр

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ