ҚДБ, «Эйр Астана» және «Даму» қоры Нұрлан Тілеубаевпен соттасып жатыр

Аталмыш ірі холдингтердің барлығы «Қазинвестбанк» АҚ-қа салған ақшаларын қайтарып алуды талап еткен, деп хабарлады Nege.Aksha телеграм каналы.

Алматы, NEGE. Қазақстан Даму банкі Нұрлан Тілеубаевтан 6 229 014 444,92 теңге, Air Astana – 11 516 859 теңге, ал Даму қоры 9 906 650 126,87 теңге және $1 189,18 көлемінде қаражат талап еткен.

Тілеубаевтың өзі заңды түрде «Қазинвестбанктің» акционері болмаған, бірақ акциялардың бақылау пакетін туыстары мен таныстарына беру арқылы алған. Ол банкті банкротқа ұшыратып, одан 49,1 миллиард теңге мен 174 миллион долларды жымқырған. Осы және басқа да қылмыстары үшін ол 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Ал ірі компаниялар әлі күнге дейін ақшасын қайтара алмай жүр. Мысалы, «Даму» – 9,9 млрд теңге және 1 189 доллар, ҚДБ – 6,2 млрд теңге, «Эйр Астана» – 11,5 млн. теңге.

Олар жәбірленуші ретінде танылды. Алайда, Алмалы аудандық соты да, Алматы қалалық соты да олардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді