ҚазҰУ-дағы медициналық мекеме өкілі «пәк» қыздардың тізіміне байланысты пікір білдірді

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде оқитын «пәк» қыздардың тізімі тарап, бұл оқиға дауға айналған еді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Smart Health University City» ЖШС емханасының медициналық басшысы Жанна Жүнісова оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Емхана басшысы қыздардың пәктігін дәрігерлер арнайы тексермейтінін айтады. 

«Біз студенттерге жылына бір рет медициналық тексеріс жүргіземіз. Ол жерде 214-бұйрыққа сәйкес, туберкулездің алдын алу үшін флюраграфиядан өткіземіз. 92-бұйрыққа сәйкес, қыз балалардың жыныстық қатынаста өмір сүру, сүрмеуіне байланысты алдын ала контрацепциямен қамтамасыз ету үшін, жүктіліктің алдын алу үшін сондай сұрақ қоямыз. Қыз бала гинекологтың алдына келген кезде «жыныстық қатынаста өмір сүресіз бе?» деп сұрайды. Егер ол қыз қатынаста емеспін десе, оны ешкім креслоға шығармайды», – деді «Smart Health University City» ЖШС емханасының медициналық басшысы Жанна Жүнісова.

Қазір оқып жатыр

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды