'ҚазТемірТранстың' Қостанайдағы филиалының директоры 6 жылға сотталды

3 қазанда Қостанай қаласының №2 соты 'Қазтеміртранс' АҚ Қостанай филиалының директоры Б. Усабеков пен 'Вадиса М' ЖШС директоры С. Таировқа қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай. NEGE. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпарат бойынша, бұл тұлғалар "жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды, берді" деп айыпталды.

«Сот үкімімен Усабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол үкіммен Таировқа пара беру фактісі бойынша параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалды, бұл 24 млн теңгеге тең», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.