ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы үйқамаққа алынды

​ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов үйқамаққа алынды. 

kaztag.kz

Астана, NEGE. Адвокат Дәулет Жұмағұловтың айтуынша, тергеу соты оны қамауда ұстау туралы тергеу органының өтінішін қанағаттандырмады. 

«Тергеу аяқталғанға дейін ол үйқамақта болады. Жұмыс жалғасып жатыр», – деді адвокат.

Еске салайық, Әмір Қасенов 23 желтоқсан күні кешке Астана қаласындағы Есіл аудандық полиция бөліміне тергеуге шақырылып, артынша оның ұсталғаны туралы хабарланған.

Бұған дейін Әмір Қасенов пен Әсет Матаев Freedom Finance компаниясының арызы бойынша күдікті деп танылғаны белгілі болды. Полицияның мәліметінше, арызда компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтірілгені және бірнеше рет көрінеу жалған ақпарат таратылғаны көрсетілген.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды