«Қазселденқорғаудың» бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаев сот залында қамауға алынды

«Қазселденқорғаудың» бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаев сот залында қамауға алынды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 25 шілдеде Алматы облыстық соты төтенше жағдай министрлігі «Қазселденқорғау» ММ басшысы Кәрім Көкрекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды.

«Қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың жаңа қарауына жолданды. Сонымен қатар, Кәрім Көкірекбаев сот залында қамауға алынды», – делінген хабарламада.

«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаев пен оның орынбасары өздерінің қызметтік өкілеттіктеріне кіретін әрекеттері мен әрекетсіздігі үшін алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін айыпталды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды