«Қазпоштаға» жаңа басшы тағайындалды

 «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып Бекежан Жакеев тағайындалды. 

gov.kz

Алматы, NEGE. Бекежан Искандарұлы Жакеев «Әділет» Жоғары құқық мектебі жанындағы Заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Астана қаласындағы Еуразиялық гуманитарлық институтты «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Бұған дейін ол «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, «Қазпоштаның» бұған дейінгі басшысы Әсел Жанасова Президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалған еді. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр