Қазпошта өз қызметтерінің бағасын қымбаттаты

1 қаңтардан бастап сәлемдеме жөнелту құны 250 теңгеге өсті.

Алматы, NEGE. Қазпошта өз қызметтерінің бағасын көтерді.

1 қаңтардан бастап сәлемдеме жөнелту 250 теңгеге қымбаттады. 

«Қазпоштаның» call-орталығы қызмет құнының жыл сайын көтерілетініне сілтеме жасап, бұл ақпаратты растады.

Сәлемдемені жөнелту құны оның салмағына байланысты:

 0,5-тен 1 кг-ға дейін – 1100 теңге;

 1-ден 2 кг-ға дейін – 1200 теңге;

 2-ден 3 кг-ға дейін – 1300 теңге;

 3-тен 6 кг-ға дейін – 1500 теңге;

 6-дан 9 кг-ға дейін – 1800 теңге;

 9-дан 12 келіге дейін – 2500 теңге;

 12-ден 14 келіге дейін – 2800 теңге.

 

 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Қазпочта» АҚ шығыны 5,2 млрд теңгені құрады.