«Қазпошта» бөлімшелері уақытша жабылады
28 және 29 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы «Қазпошта» бөлімшелері жұмыс істемейді. Бұл туралы компания басшысы Сәкен Сәрсенов мәлімдеді.
Алматы, NEGE. «Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі шаралардың күшеюіне байланысты біз 2020 жылдың 28-29 наурызында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы пошта бөлімшелеріне демалыс жариялау туралы шешім қабылдадық. Қалған аймақтардағы пошта бөлімшелері әдеттегі кесте бойынша жұмыс істей береді», – деп жазды Сәрсенов.
Оның айтуынша, EMS курьерлік қызметі 28 наурызда сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейді. Хат-хабарларды қабылдау орны Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 134 үй мекенжайы бойынша жұмыс істемейді.
EMS курьерлік қызметі 29 наурызда демалады.