ҚазМұнайГаз-дың жаңа инвестициялық қоры туралы жалған ақпарат тарады

ҚазМұнайГаз-дың жаңа инвестициялық қоры туралы жалған ақпарат тарады «ҚазМұнайГаз» компаниясы жанынан құрылған жаңа инвестициялық қорға ақша салғандар айына 3 000 долларға дейін пассивті пайда табады. Бұл – жалған жарнама, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Қазнетте Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «ҚазМұнайГаз» компаниясы жанынан құрылған жаңа инвестициялық қордың жарнамасы белсенді түрде тарап жатыр. Шын мәнінде, «ҚазМұнайГаз» компаниясының да, ҚР Президентінің де бұл «қорға» ешқандай қатысы жоқ. Бұған компанияның ресми сайтына кіріп, көз жеткізуге болады. Қазақстандықтарға іс жүзінде жоқ қорларға «инвестиция салу» бұған дейін де бірнеше рет ұсынылған. Желіде осыған ұқсас жарнама HalykBank атынан таратылған болатын», - дейді stopfake.kz телеграм арнасы.

Қазір оқып жатыр

Павлодар алюминий зауытында екі жұмысшы жарақат алды

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды