31 июля 2023 г. 16:22

«Қазмырыш»-та Филиповка өзенінің ластануына байланысты жоспардан тыс тексеру басталды

Фото:

2023 жылғы 27 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының Филиповка өзенінің сүтті реңкке боялып, ластанғаны белгілі болды. 

Алматы, NEGE. Осы факті бойынша экология, балық инспекциясы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Риддер қаласы әкімдігі және "Қазмырыш" ЖШС РТКБК өкілдерінің қатысуымен тексеріс жүргізілді. 

Өзеннің ластануы "Қазмырыш"ЖШС Риддер таукен байыту кешенінің қалдық қоймасына пульпа құбырының жарылуы нәтижесінде пайда болды, нәтижесінде жер бедеріне пульпа төгіліп, кейіннен өзенге түсті.

Экология департаментінің қызметкерлері химиялықталдау үшін су сынамаларынан іріктеу (ластану көзінен 500 метр жоғары және ластану көзінен 500 метр төмен) алды. Қазіргі таңда сынама анықталу үстінде.

Одан әрі ластануды жою мақсатында "Қазмырыш" ЖШС  пульпа құбырларын босату бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, ластанған жер учаскесі техникамен жиналып, қолданыстағы қалдық қоймасына орналастырылды.

Осы факті бойынша экология департаментімен "Қазмырыш" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру ашылды.

Химиялық талдаулар және су объектісі мен балық ресурстарына келтірілген экологиялық залалды бағалау нәтижелері бойынша қылмыстық іс қозғау үшін тексеру материалдарын полиция органдарына жіберу мәселесі қарастырылуда.

Қабылданған шаралар туралы қосымшахабарланатын болады.

Тегтер: