«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс себебін анықтауға ЖОО ғалымдары тартылған

«Қазмырыш» кәсіпорны аумағында адамдардың қаза болуына әкеп соқтырған жарылыстың себептерін тексеруге университет ғалымдары тартылды.

Видеодан скриншот/vko_kz24

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, мамандар оқиғаның мән-жайы мен жарылыстың қалай болғанын анықтауға көмектеседі.

«Біз бұл мәселеге жан-жақты қарадық. Жарылыстың нақты қалай болғанын түсіну үшін университет ғалымдарын шақырдық», – деді Ербол Тұяқбаев кулуарда.

Вице-министр тергеу маусым айында аяқталатынын, оның нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатынын айтып өтті.

Еске салсақ, 5 мамыр күні Өскеменде «Қазмырыш» зауыты аумағында жарылыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, зауыт аумағында шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасы жарылып, оның соңы өрт пен нысанның ішінара опырылуына ұласқан.

Оқиға орнында екі адам қаза тауып, бірнеше азамат ауруханаға жеткізілгені хабарланды. Ауыр жарақат алған бір ер адам 11 мамырда ауруханада қайтыс болды. 

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.  

Қазір оқып жатыр

«Өзімді ешқашан кешірмеймін»: Әл-Фарабидегі жол апаты бойынша алдын ала тыңдау өтті

Қазақстан мен Ресей тарабы АЭС құрылысы жөніндегі келісімге қол қойды

Ресейден Қазақстанға төрт Амур жолбарысы жеткізілді

Тоқаев: «Қазақстан мен Ресей арасында ешқандай шешілмеген мәселе жоқ»