23 октября 2022 г. 18:18

Қазығұртта Республика күніне орай мектеп пен медициналық орталық ашылды

Фото:

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында мектеп пен медициналық орталық ашылды.

Алматы, NEGE. Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Республика күні қарсаңында Орал Нарбаев атындағы 150 орындық бастауыш мектебі мен «Ай-Фарма» медициналық орталығы пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік маңыздағы ғимараттардың салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Арман Абдуллаев құттықтау сөз сөйлеп, лентасын қиды. Екі нысан да кәсіпкерлердің жеке инвестициясы арқылы бой көтерген.

Мерейлі мерекеге орай, аудан орталығында білім ордалары мен мәдениет қызметкерлері тарапынан арнайы көрмелер қойылып, спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Ел игілігі үшін жасалып жатқан игі шаралар жоғары дәрежеде өткізілді.

Арман Айдарұлы барша қазығұрттықтарды Республика күнімен құттықтап, ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматты Алғыс хатпен марапаттады. Аудандық іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Тегтер: