Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Күрес түрлерінен Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында Қазыбек Қалмағамбетов Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.

instagram.com/kazwrestling_official

Астана, NEGE. Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Қазыбек Қалмағамбетов финалда Беларусь өкілі Михаил Марковскиймен кездесті. Отандасымыз қарсыласын 13-7 есебімен жеңіп, алтыннан алқа тақты. Бұл Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі болды.

Қазыбектің әлем чемпионатындағы жолы:

  • Іріктеу — Себастьян Вагнер (Германия) – жеңіс;
  • 1/8 финал — Амрин Наттер (АҚШ) – 1:1, қосымша көрсеткіш бойынша жеңіс;
  • Ширек финал — Мохамед Абдельрахим (Мысыр) – 4:1;
  • Жартылай финал — Петро Житовоз (Мажарстан) – 7:5;
  • Финал — Михаил Маркоуски (Беларусь) – 13:7.

Қазыбек Қалмағамбетовтің алғашқы жаттықтырушысы Муқанбетжан Зарлықов болса, жеке бапкері Нұртас Өтепбергенов.