Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Астана қаласының екі тұрғыны әлеуметтік желіде Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалаларына қажылық сапар ұйымдастыратынын жарнамалап, елден ақша жинап алғанымен, уәдесінде тұрмаған.

pixabay.com

Астана, NEGE. Қалалық прокуратураның хабарлауынша, олардың жарнамасына сеніп алған 37 адам жалпы сомасы 60 млн теңге тапсырған.

Алайда айыпталушылар қажылыққа деп жинаған қаржыны өз қажетіне жұмсаған.

«Сот үкімімен олардың әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арыздары толық қанағаттандырылды», – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Елорда прокурорлары азаматтарды сақ болуға және күмәнді тұлғаларға ақша бермеуге шақырады.