«Қажеті жоқ»: Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенконың сөзіне пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.
Алматы, NEGE. Жергілікті халықпен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенконың сөзіне пікір білдірді.
«Жақында Беларусь Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға Одақтық мемлекетке қосылуды ұсынды. Мен оның әзіліне лайықты жауап бердім. Басқа интеграциялық бірлестіктер, бірінші кезекте Еуразиялық экономикалық одақ бар болғандықтан, мұның қажеті жоқ деп ойлаймын. Ядролық қаруға келетін болсақ, ол бізге керек емес, өйткені біз Ядролық қаруды таратпау туралы және Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар бойынша өз міндеттемелерімізге берік болып қаламыз», - деді президент.