Қазгидромет:Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Қазгидромет» РМК 1 сәуірде Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына байланысты болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Сейсенбі күні қолайсыз метеорологиялық жағдай Алматы қаласында күтіледі. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.