Қазгидромет үш күндік ауа райына болжам жасады

«Қазгидромет» РМК 4-6 қараша күндері аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE. «Қазақстанға ығысқан суық солтүстік-батыс антициклоны жауын-шашынның тоқтап, температураның айтарлықтай төмендеуіне алып келді.

Тек 4 қарашада ғана оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар, таулы аудандарда қатты қар жауады, жел күшейеді, көктайғақ, бұрқасын болады. Сондай-ақ республиканың басым бөлігінде тұман күтіледі.

Ауа температурасы:

- батыста түнде 1-6 аяз, күндіз 0-5;

- оңтүстікте 3-8 градус жылы, күндіз 10 градус;

- солтүстік-батыста 8-13-тен 0-10-ға дейін аяз, күндіз -5 – 6 градус аралығында;

- солтүстікте 13-18-ден 0-10-ға дейін аяз, күндіз 0-8 градус аяз - 0 6 градус жылы аралығында;

- орталықта және еліміздің шығысында түнде 13-21-ден 5-13-ке дейін аяз, күндіз 2-13 градус аяз, 0 8 жылу аралығында;

- солтүстік-шығыста 0 8 жылы, оңтүстік-шығыста түнде 5-13 аяз, күндіз 2-7 градус аяздан 0 5 градус жылы аралығында.