«Қазгидромет» РМК ескерту жасады

Қазақстанның 9 облысында 5 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК орталығы.

Алматы, NEGE. СҚО-да 5 наурызда түнде және күндіз қар жауатыны хабарланған. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

ШҚО-да жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады деп болжанды. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында 5 наурызда түнде және таңертең қатты жаңбыр, қар жауады, сондай-ақ тұман, көктайғақ болады. Кей жерлерде батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

Ақмола облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан секундына 28 метрге дейін жел соғады.

БҚО-да тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел күндіз оңтүстік-шығысқа ауысып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті