Қазгидромет: Қазақстанның екі облысында үсік жүреді
«Қазгидромет» РМК-сы бүгінгі ауа райы болжамын жариялады.
Алматы, NEGE. Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында. Сол себепті күн жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның солтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республиканың бірқатар өңірінде жел күшейіп, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Жамбыл облысында таңертең және күндіз, Түркістан облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Маңғыстау облысының батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде 3 градус үсік жүреді.