Қазгидромет ескерту жариялады

Елімізде 7 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы, NEGE. 9 ақпанда түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, жел батыстан, солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы кей жерлерде 18 м/с жетуі мүмкін.

9 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде боран, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді.

Көкшетауда ертең түнде және таңертең жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

9 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, 9-11 ақпанда кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда қаласында 9-11 ақпанда тұман түсуі мүмкін.

9 ақпанда Алматы облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 18-23 м/с жетеді.

9 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерінде күшейіп 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Қарағанды қаласында ертең жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

9 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

9 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Петропавлда ертең жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр