Казгидромет ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 24 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Алматы, NEGE. Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с артады.

Түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), әлсіз көктайғақ болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 18 м/с күшейеді.

Түнде Қызылорда облысында 1-6 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Қостанай облысының күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман болжанады. Түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 25 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған