«Қазгидромет» ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Алматы, NEGE. Кәсіпорынның болжамы бойынша, 19 қыркүйек күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады.

Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Ақтауда 19 қыркүйек күні күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысында 19 қыркүйек күні күндіз оңтүстіктен жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с болады. Ақтөбеде күндіз 19 қыркүйек күні оңтүстіктен жел соғып, екпіні 17 м/с-ке жетеді.

Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95% Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады.

Оңтүстік, оңтүстік шығыстан соғатын желдің жылдамдығыкей жерлерде 15-20 метр болады. Оралда осы күні найзағай ойнап, оңтүстіктен, оңтүстік шығыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетеді.