Қазгидромет: Еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 11 желтоқсанда еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды.

Алматы, NEGE. Синоптиктер мәліметінше, сенбі күні ауа сапасы Алматы, Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Теміртау қалаларында нашарлайды.

Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.