Қазгидромет алдағы үш тәуліктің ауа райын болжады

«Қазгидромет» РМК-сы алдағы үш күннің ауа райы болжамын жария етті.

Алматы, NEGE. Синоптиктер 4 өңірде ескерту жариялады Кәспорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 2020 жылғы 15-17 қыркүйек аралығында еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. «Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына Кар теңізі аудандарынан келетін циклон ықпал етеді. Циклонның салдарынан солтүстік өңірде және оның орталығында күшті жел тұрады және жаңбыр жауады, бұршақ түсуі де ықтимал. Солтүстік және орталық аудандарда ауа температурасы төмендеп, күндіз 10-23 градусқа дейін жылиды. Оңтүстік өңірлерде кей жерлерде найзағай ойнайды» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты