«Қазгидромет» алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады

Демалыс күндері ауа райы жылы болады. «Қазгидромет» РМК-сы алдағы үш күннің ауа райы болжамын жария етті.

Алматы, NEGE. Қыркүйектің 19-21 аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына антициклон әсер етеді. Осыған қарай жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріледі. Қазақстанның батысына Мәскеу аудандарынан келетін циклон ықпал етеді. Ол жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр, найзағай, екпінді жел, дауыл тудырады, бұршақ түсуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды