Қазгидромет алдағы күндердің ауа райына болжам жасады

Қазгидромет мамандары алдағы күндері ауа райы қандай болатынын жариялады.

Алматы, NEGE. Қазгидрометтің хабарлауынша осы аптада аяздың беті қайтпайды. 

"Тек Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында қар мен боран болады. Отырықшы антициклон және арктикалық ауа массалары температура фонында күрт өзгерістер тудырмайды: аяз әлі де сақталады", - делінген хабарламада.