Қазгидромет 8 өңірде ескерту жариялады

Еліміздің бірнеше өңірінде 6 қазанда ауа райының бұзылады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Түнде және таңертең Алматы облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде обылыстың шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Солтүстік желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең көктайғақ, тұман күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз өңірдің оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с құрайтын жел соғады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Тәулік бойы 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады