«Қазгидромет» 4 облыста ескерту жариялады

Еліміздің 4 облысында қардың тез еруіне байланысты ескерту жарияланды.

Алматы, NEGE. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының жазық аймақтарында қардың жылдам еруі қиындықтар туғызуы мүмкін. «2021 жылғы 28-29 наурыз аралығында температура жылы болады және жауын-шашын түседі деп болжануына байланысты Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының жазық өңірлерінде қардың тез еруі мүмкін және еріген қар суының жайылуы ықтимал», - деп жазылған мекеме сайтында. Бұған дейін «Қазгидрометтің» 28 наурызға жасаған ауа райы болжамында бірнеше облыста найзағайлы жауын-шашын мен тұман күтілетіні айтылған болатын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ