Қазгидромет: 46 градус ыстық күтіледі

«Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, 4 шілдеде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде құрғақ найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

4 шілдеде күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде 41 градус өте қатты ыстық сақталады. Өте жоғары өрт қаупі болады.

4-6 шілдеде күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-45 градус өте қатты ыстық сақталады. Өте жоғары өрт қаупі болады.

5-6 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Өте жоғары өрт каупі сақталады.

5-7 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде 46 градус өте қатты ыстық күтіледі. Өте жоғары өрт қаупі болады.

4-8 шілдеде күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде 43 градус өте қатты ыстық күтіледі. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4-5 шілдеде күндіз Нұр-Сұлтан қаласында 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

4-8 шілдеде күндіз Алматы облысының кей жерлерінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.

4-5 шілдеде күндіз Ақтөбе облысында 39 градусқа дейінгі қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4 шілдеде күндіз Павлодар облысында 35-38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

4 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, күтіледі. Күндіз кей жерлерде 37 градусқа дейін өте қатты ыстық болжанады.

Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. Жекелеген аумақтарда өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градусқа дейін қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4 шілдеде күндіз Маңғыстау облысында 40-41 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады