"Қазгидромет" құрғақшылық болатын аймақтар бойынша нақтыланған болжам ұсынды

Сәуір айында жауған жауын-шашын мен ауа райы болжамы ескеріле отырып, құрғақшылық қаупі бар аумақ ауданының ұлғаюы ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz.

pixabay.com

Астана, NEGE. Құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы және Іле аудандарында, Қостанай облысының Амангелді ауданында, Қарағанды облысының Шет ауданында болуы мүмкін.

Қостанай облысында - Қарасу ауданында, Ақмола облысында – Ақкөл, Атбасар, Сандықтау аудандарында, Павлодар облысында – Ақтоғай, Успен аудандарында және Павлодар қаласының маңында, Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында, Ақтөбе облысында – Қобда ауданында орташа ылғалдылық болжанып отыр.

"Қалған аумақтарда мамыр айында ылғалдандыру көпжылдық көрсеткіштерге жақын болады деп болжанып отыр", - деді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова ОКҚ брифингінде.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде