Қазгидромет: Бес өңірде күн қатты ысиды

30 маусымда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, тек республиканың оңтүстігі мен батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша күн күркіреп, бұршақ жауады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық сақталады.

Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмоланың батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Маңғыстаудың солтүстігінде, Қостанайдың оңтүстігінде, батысында, Қарағанды ​​облысында, Абай облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

«Екінші үйім»: ДДСҰ басшысы Қазақстанға қонаққа келіп, қазақша ән шырқады

Жамбыл облысында жаңа «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Қазақстанда діни сұрақтарға Imam AI жауап бермек

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды