3 июля 2025 г. 8:20

Қазгидромет 3 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады

Фото: Pixabay

Бүгін еліміздің басым бөлігінде циклон мен оған байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей аумақтарда жел күшеюі мүмкін.

Алматы, NEGE. Батыста, солтүстікте және шығыста бұршақ жауса, ал солтүстік пен шығыста дауылды жел соғады.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында күн ашық болады. Түнгі және таңертеңгі уақытта Қазақстанның солтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Астанада күн бұлтты, найзағай ойнап, жауын жауады. Ауа температурасы+33+35°С. Желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +34+36°С. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +38+40°С. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с.