Қазгидромет 24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды
Бүгін еліміздің басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Алматы, NEGE. Республиканың батысында, оңтүстік-батысында, шығысында қатты жаңбыр жауса, батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ түседі. Жел күшейіп, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.
Астанада күн бұлтты, жауын-шашын түседі. Ауа температурасы 21 23°С, желдің жылдамдығы түнде 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Ауа температурасы 32 34°С, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Ауа температурасы 35 37°С, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.