Қазгидромет 20 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады

2025 жылғы 20 маусым, жұма күні Қазақстанда кей өңірлерде жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сондай-ақ елдің бірнеше облысында аптап ыстық болады.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте және оңтүстікте – шаңды дауыл соғуы мүмкін.

«Республиканың басым бөлігінде циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен найзағайлы жаңбыр жауады. Күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыста нөсер жауын күтіледі, бұршақ болуы ықтимал», – деді синоптиктер.

Күндіз үш өңірде қатты ыстық болады: Жетісу облысында – 35°С дейін; Абай облысында – 35… 38°С дейін; Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде – 37°С дейін.