Қазгидромет 16 облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады

Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысында бұршақ жаууы ықтимал. Ал Алматы облысының басым бөлігінде 35 градусқа дейінгі ыстық сақталады.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Жетісу, Ақтөбе, Павлодар, Маңғыстау облыстарында дауыл соғып, оның екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Шығыс Қазақстанда да қатты жел соғып, тұман түседі деп болжануда. Мамандар қолайсыз ауа райында барынша қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.