Қазгидромет 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде циклондар мен антициклондардың жиі алмасуына байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

pixabay.com

Астана, NEGE. Елдің батысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде қар аралас жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады деп болжам жасалған.

11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар жауады. 11 сәуірде республиканың батысында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстан бойынша тұман болжанады.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?

Винус Уильямс Зарина Диасқа қолдау білдірді

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының орындалуымен құттықтады