'Қазавтожол' тасжолдардағы жағдай туралы айтты

'Қазавтожол' тасжолдардағы жағдай туралы түсінік берді. Ведомство мәліметінше, еліміздің 2 өңірінде 2 күре жол учаскесі жабық тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Астана, NEGE. Оның ішінде, Абай облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты:
- "Алматы-Өскемен" тасжолының Қалбатаудан ШҚО шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысында боранның кесірінен
- "Алматы-Өскемен" тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қасенов ауылына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.