«ҚазАвтоЖол» басшысы: Жүргізушілердің өздері кінәлі
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ұлан Әліповтің айтуынша, жұрт «бетонка» атап кеткен жолдарда жиі болатын апаттарға жүргізушілердің өздері кінәлі. Бұл хабарды
Tengrinews.kz жазды.
Алматы, NEGE. «Біздің жүргізушілеріміз тіпті мұзтайғақ кезінде де сағатына 160-200 шақырым жылдамдықпен жүйіткіп үйреніп алған. Соның салдарынан бір көлік бұлт ете қалады да, бірнеше көлікті бүлдіреді. Мұндай жағдай «бетонкада» ғана емес, асфальт жолда да болады. Жол жүру ережесінде анық жазылған: ауа райы жағдайына қарау керек. Еуропада мұндай апат жиі болмайды. Өйткені онда жүргізушілер ереже сақтайды» деді Ұлан Әліпов.
Жұрт арасында «бетонка» атап кеткен жолдардағы мәселе биыл ғана басталған жоқ, жылда осылай. Жүргізушілер «жолды дер кезінде тазаламайды» деп «ҚазАвтоЖолды» кінәлайды, «ҚазАвтоЖол» болса, «қатты жүреді» деп жүргізушілердің өзін айыптайды.
Nege.kz порталы пікір сұраған Бағдат Әбенұлы Алматы – Талдықорған бағытында жиі жүреді. Ол «ҚазАвтоЖол» басшысының пікірімен келіспейді.