6 ноября 2025 г. 10:55

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге көктайғақ болатынын ескертеді

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның 8 облысындағы тасжолдарда ауа райы күрт нашарлайды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мәлімдеді.

Астана, NEGE. 2025 жылғы 6 қараша Ақмола, СҚО, ШҚО, Қостанай, Жетісу, Қарағанды, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде. 

«Жүргізушілерге жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдағы қолайсыз ауа райы жағдайын ескеруді еске саламыз. Қосымша ақпарат алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласа аласыз.», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар компания Ақмола облысында көлік қозғалысының жылдамдығына шектеу енгізілгенін айтты.