«ҚазАвтоЖол» операторы филиалының бұрынғы басшысы сотталды

Шығыс Қазақстан облысында «ҚАЖсервис» ЖШС филиалының бұрынғы жетекшісі қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін жазаланды.

Nege

Астана, NEGE. Тергеу материалдарына сәйкес, ол филиалда іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарды жұмысқа рәсімдеп, жалған қызметкерлерге заңсыз еңбекақы есептелген. Сол арқылы бюджет қаражаты жымқырылған.

Бұл құқықбұзушылықты компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі мен қауіпсіздік қызметі анықтаған. Ішкі тексерістен кейін материалдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бұл іске филиалдың бұрынғы директорының қатысы бары анықталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

2025 жылғы желтоқсанда Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оған 2 жыл 9 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Алайда апелляция істі қайта қарап, жазаны 3 жыл 6 айға дейін күшейтті.

Сонымен қатар келтірілген 6,7 млн теңге көлеміндегі залал өндіріліп, толық көлемде өтелген.

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды