Қазақтың қырыққабаты Беларуське жөнелтілді

Түркістан облысының шаруаларына өнімдерін экспортқа шығаруға қатысты кедергілер мен тосқауылдар алынып тасталды.

Алматы, NEGE. Өңірдің диқандары 500 тонна орамжапырақты Беларуське сату бойынша келісім жасап, алғашқы 200 тонна өнім тиелген жүк көліктері жолға шықты.

Түркістандық шаруалардың бірі Хусейн Бабуров күніне 40-60 тонна өнімін экспортқа жіберуде. Рефрижераторы бар жүк көліктеріне тиелген қырыққабат араға 5 күн салып Беларусь еліне жетеді деп жоспарланған. Ол жақтағы қоймаға түскен қазақстандық экспортты саудагерлер өзге қалаларға жөнелтеді.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды