Қазақтың хатикосы: Ит иесінің қабірінде екі ай бойы отыр

Алматы облысына қарасты Шамалған ауылындағы қайтыс болған қожайынының бейтін күзетіп, бөгде біреу тұрмақ, құс қондырмай қарауылдаған үй жануарының оқиғасы жан тебірентерлік. Әуел баста мазар маңынан өтетіндер бұл итке назар аудармаған екен. Қаңғыбастар қатарына қосып, көңілде бөлмепті

, деп хабарлайды  Еуразия бірінші арнасы.

Алматы. NEGE.  Бірақ, біраз уақыт өткеннен кейін бір ғана моланы күзететініне көз жеткізген. Ауылдықтардың айтуынша осы маңды торуылдап жүргеніне бірнеше айдың жүзі болған.

Иттің біршама уақыт осында болғанына мына бір алақандай қара жер де дәлел. Айналаны әппақ қар басқанымен тура қабірге қарама қарсы тұрған орын айырықша көрінеді. Тұрғындардың бірі осы бір ерекше оқиғаны видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жүктеген. Бұдан кейін иесіне адал болған жеті қазынаның бірін еріктілер панасына алып Лея деген ат қойыпты.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?