Қазақтың ұлттық тағамдары әлемдегі ең дәмді дастарқан тізіміне енді

Taste Atlas сайты әлемдегі ең дәмді 100 дастарқан тізімін жариялады.

gov.kz

Астана, NEGE. Ең дәмді тағамдар тізімінде Қазақстан 98-орынға тұрақтаған. Журналист Руслан Меделбектің жазуынша, рейтинг туристердің бағалауы негізінде жасалған.

Туристер қазақ дастарқанынан етті, бауырсақ пен қазыны, тоқашты, кеспе көжені, шелпек пен құртты және сары майды ең дәмді тағамдар деп тапқан.

Тізімде Италия, Грекия, Перу мен Португалия дастарханы көш басында тұр. Наполитано пиццасы, Крит зәйтүн майы, Криоль ащи соусы және Баррозан сиыр еті әлемдегі дәмді тағамдар деп саналған.

Одан бөлек тізімде жапон сушиі, түрік таңғы асы, америкалық барбекю мен тұшпара да бар.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі